Аты жаман індетке шалдыққандар саны әлемде де, елде де өршіп тұр. Хопкинс университетінің мәліметіне қарасақ, жаһанда науқас саны 8 миллионан асқан. Елде де соңғы екі күнде науқас саны 15 мыңнан асып түсті. Өкініштісі, дерттен көз жұмғандар санының өсуі тоқтар емес. Бүгін депутаттар ұлттық деңгейде карантин енгізуді ұсыныпты. Ол қаншалықты қажет? Әлем және ел жаңалығына шолу жасап, тақырыпты бірге тарқатайық!