Көше ластаудан Алматы алда тұр

Көшеде жүріп-тұру мәдениеті жеңіл-желпі қарайтын нәрсе емес. Өйткені елдің айнасы – сол елдің адамдары. Адамына қарап елін таны деген де бар емес пе? Мәдениеті жоғары елдің адамдары көшеде олпы-солпы болып жүрмейді, жол жиегіне немесе көгалға түкірмейді, темекінің қалдығын аяғының астына тастамайды, балағат сөз айтпайды. Біздің еліміз де ең болмағанда көшеде мәдениетті болайық деген ниетпен тазалық сақтауға және балағат сөз айтпауға байланысты заңдарды қабылдады. Дегенмен әзірге түзеліп жатқан жағдай жоқ. Қаншама адам ұсталып, айыппұл төлесе де тұрған жерінде былш еткізіп түкіре салатындардың, темекісінің қалдығын лақтырып кететіндердің немесе бір-бірін көшені басына көтере сықпырта балағаттайтындардың азаятын түрі жоқ. Қайта күннен-күнге өршіп бара жатқандай. Мұның ең жаман жері – жас балалардың көзінше жасалатыны. Үлгі-өнеге кеміп, мәдениетсіздік артып барады. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу