Бүгінде автокөліктің шектен тыс көбейгені, сол көлікті жүргізетін адамдардың да саны артып кеткені рас. Көлігі жоқ үй кемде кем. Жеке көлікті бала-шаға да, қыз-келіншектер де, ата-әжелер де жүргізе беретін болды. Мейлі, ел бар болсын, бай болсын. Бірақ көліктің нөпірі мен жүргізушінің көптігіне сай тәртіп мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақтаса мақұл. Шыны керек, көліктердің апатқа ұшырауы белең алған десе де болады. Ал апат болған соң адамдар қаза болмай тұрмайтыны тағы бар. Бұл өте өкінішті жағдай. Соңғы уақытта, әсіресе, жас балалардың көлік апатына ұшырап көз жұму жағдайы жиілегенін айтып дабыл қағып жатқандар бар.