Қазақстанның қаржы институттары осал емес. Толып жатқан банктерді айтпағанның өзінде микроқаржылық қызмет көрсететін жүздеген ұйым мен олардың мыңдаған филиалы бар. Ондай ұйымдардың 3,5 мыңын ерікті түрде немесе сот тәртібімен қысқартқанның өзінде бүгінде 243 микроқаржы ұйымы, 200-ден аса кредиттік серіктестік және 600-ден астам ломбард, отызшақты онлайн-кредит ұйымы жұмыс істейді. Миллиондаған адамның басы байланған бактерді былай қойғанның өзінде микрокредиттік ұйымдарға белшесінен қарызға батқандардың қарасы да миллиондарды жағалап қалған.