Қазақстанда 2 миллион 300 мың адам кедей. Пандемия тұсында кедейшілік деңгейі елде 1,5 есеге көбейіпті. Бұл Дүниежүзілік банктің мәліметі. Осы мәліметке сүйене отырып, депутат Азат Перуашев кредит жайын мәжілістің бүгінгі отырысында көтеріпті. Депутат Перуашев, «елдегі әр 8-ші азамат кедей» дегенді айтыпты. «Мұнай өндіруші мемлекет үшін масқара көрсеткіш. Сондықтан да халықтың кредитті кешіру туралы талабы орынды, оны түсінуге болады», - дейді.