Күдікті Қуандық Бишімбаев 10-15 жылды арқалап кетуі мүмкін
Сонымен, Астанадан шу шықты. Кезінде Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған, істі болып сотталған Қуандық Бишімбаев өзінің әйелін төбелеп өлтірді деген күдікке ілінгені жайлы хабар бұрқ ете қалды. Министр болған адам әйелін ұрып өлтіріпті дегенді бұрын-соңды естіп көрмеген халық ішін тартып, басын шайқап қалды. Көшеде жүрген арақпаз немесе нашақор болса бір сәрі, ал елге белгілі азаматтың ұлы, елге белгілі отбасының тірегі деген адам осылай істесе, өзгелер не істемейді деген көпшілік жаға ұстағаны рас.