Құмар ойын дегеннің өзі қазақтың тіршілігіне қол емес нәрсе еді. Дегенмен, заманның ағымымен біздің қалаларымызға да бұл жағымсыз әдет мықтап жайғасып алды. Келе-келе құмар ойынның неше түріне азаматтар, әсіресе жастар бой ұрып жатыр, шенеуніктер де казино жағалап кетті. Ең жаманы, адамдар құмар ойынға қалай тәуелді болып шыға келгенін сезбей де қалады. Сөйтіп, бар жиған-тергенінен бір-ақ сәтте айырылып жатқандар да бар. Ойынға басыбайлы беріліп кеткендердің психикасы сау емес деген тұжырым айтылады.