Күнге жарап тұрған мұнай өндірісі ақсамасын

Экономикамыздың күре тамыры болып тұрған мұнай өндірісі мен оның өңделуі, экспортталуы электр қуатына тікелей байланысты екен. Электр қуаты берілмей қалса бәрі де тоқтайды, ал салдарынан экономикаға кері әсері тиюі мүмкін. Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында энергия блогының ажыратылуына байланысты Маңғыстау және Атырау облыстарындағы «Өзенмұнайгаз», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамдарының кен орындарында мұнай өндіру жұмысы жартылай және толық тоқтатылды. Ұңғымалардағы жұмыс электр қуаты қосылғанда қайта басталды. Электр қуаты тұрақты беріле бастаған сәттен зауыттың технологиялық қондырғылары қалыпты жұмыс режиміне біртіндеп көшеді. Апта соңына дейін кәсіпорын мұнай өнімдерін бұрынғы көлемде шығара бастайды деп жоспарланып отыр.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу