Күніне кемінде 5 жемқорлық қылмысы жасалады

Жемқорлар азаюдың орнына көбейіп жатқан сияқты. Ит қорыған жерге өш демекші, жемқорлыққа қарсы күрес шираған сайын сыбайлас жемқорлық тамырын кеңге жайып барады. Деректер жаға ұстатып таң қалдырарлықтай. 
Екі-үш күн бұрын Мемлекет басшысы Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдаған. Ол жерде президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы 10 айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде баяндалды. Осы уақыт ішінде елімізде жемқорлыққа қатысты 1500-ге жуық қылмыс тіркеліп, 1100-ден астам адамның ісі әшкереленді. Оның 158-і – түрлі деңгейдегі басшылар. Сонда есепке салып қарасаңыз айына сыбайлас жемқорлықтың 150 қылмысы жасалып, ал күніне шаққанда 5 қылмыстан келеді екен. Сотқа мыңнан астам іс жолданып, 282 миллиард теңге шығын өтелген. Сонымен қатар 2022 жылдан бері құны шамамен 857 миллиард теңге болатын мүлік активтері мен қаржы қайтарылғаны айтылды. Президентке бірқатар қылмыстық істі тергеу амалдарының барысы жөнінде мәлімет берілді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу