Әлеуметтік желілердің қай-қайсысына болса да жасөспірімдеріміздің байланғаны жақсы емес екені бесенеден белгілі. Оларға басыбайлы кіріп кеткен соң бетін бері қарату оңайға соқпайтыны тағы бар. Әсіресе Tik-Tok желісіне тәуелділік етек алып бара жатқаны жасырын емес. Желідегі түрлі сипаттағы жағымсыз көріністер жасөспірімдердің жан-дүниесіне кері әсер етеді, психикасын бұзады деп жатады. Мұнымен келіспеуге де болмас.