Қырғызстанда тосыннан саяси оқиғалар болып жататынына көз де, құлақ та үйренген. Алдын-ала ұйымдасқан топ мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деген хабар тарады. Ал күштік құрылымдар оның алдын алыпты, ондаған адамды ұстап қамапты. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті 30-дан аса адамды ұстағаны хабарланды. Олар жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, билікті күштеп тартып алуға дайындық жүргізген көрінеді.