Алыс-жақын көршілерде болып жатқан жағдай алаңдатпай қоймасы анық. Қырғыз еліндегі кешегі дүрбелең. Беларусьтің жексенбілік шеруі тамыздан бері әлі де жалғасуда, Армения мен Әзірбайжан арасындағы атыс-шабыс.
Қырғызстандағы кешегі жағдайдан құлағдармыз. Наразы топты көтерген - сайлау нәтижесі. Кеше көшеге шығып наразылығын білдіргендер қарасы 6 мыңға жеткені айтылып жатыр.
Барлық гәп - сайлау қорытындысында! Ал орталық комиссия сайлау нәтижесінің күшін жойып та үлгерді.