Қытай елшісі: бұрынғы КСРО республикаларының егемендік мәртебесі жоқ

Қытайдың білдей дипломаты жайсыз сөзді айтып, әлемді таң қалдырды. Оның сөзі Ресейге майдай жаққанымен, өзгелерге түрпідей тиді. Қосақ арасында Қазақстан да кетіп отыр. 
Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае деген дипломат сол елдегі La Chaîne Info деп аталатын ақпараттық телеарнаға сұхбат берген екен. Сұхбатты алған Дариус Рошебен есімді тележурналист сөз арасында дипломатқа «Қырым жайлы ұстанымыңыз қандай? Ол Украинаға тиесілі ме?» деген сұрақ қойған. Қытай елшісі бұл сұраққа табан астында жауап берген. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу