Қытайда мешіттерді азайтып жатыр, ал жаңасын салуға рұқсат жоқ

Қытайда мұсылман да көп, соған сәйкес мешіт те аз емес. Мысалы, тек Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 25 мыңдай мешіт бар екен. Бірақ біраз жылдан бері Қытай билігі мешітке барғандарға бақылауды күшейткен. Осыдан бес жылдай бұрын шамамен миллион мұсылманды қайта тәрбиелеу лагеріне қамағаны белгілі. Ол жақта тек мұсылмандар ғана емес, христиандар да қырағы бақылауға алынған. Мұндағы уәждері – терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет делінеді.
Соңғы уақытта Қытайдың солтүстігінде мешіттердің кейбірін жауып, ал кейбірін бұзып жатыр деген ақпарат тарады. Ақпаратты таратқан – Human Rights Watch деп аталушы халықаралық құқық қорғау ұйымы. Оның бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, өзі халықаралық үкіметтік емес ұйым. Бұл ұйым адам құқықтары бойынша зерттеулер мен үгіт-насихат жүргізеді. Айтуларына қарағанда, Қытай түрлі ұлттар тұратын аймақтарда қытайландыру саясатын жүргізіп жатыр. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу