Қытаймен барыс-келіс пен алыс-беріс ұлғая ма?

Естеріңізде болса, жақында Қазақстан мен Қытай екіжақты визасыз режим енгізеді деп хабарланған еді. Қазақстандықтар Қытайда, ал Қытай тұрғындары Қазақстанда 30 күн визасыз емін-еркін жүре алтын жағдай жасалмақ. Бірақ мұндай еркін жүріс-тұрысқа рұқсат етілетін себептерді екі жақтың адамдары үшін белгілеп қойған. Яғни ол жақтың да, бұл жақтың да адамдары шекара сыртында туризм, емделу, өзге елге асатын транзиттік сапар, іскерлік кездесу мақсатында 30 күн визасыз жүреді. Мерзім біткен сәтте екі жақтың адамдары  өз елдеріне оралады. Егер 30 күннен артық кідіремін десе қосымша уақытқа визаны келмей жатып рәсімдеп алуы керек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу