Қоғамның бас ауруы көп болса, солардың ең бір ауыры – жастар арасында есірткіге құмарлық және есірткі саудасы мен жарнамасы. Есірткі саудасының айналымы тоқтаусыз жүріп жататын болса керек. Оны жастар әдетте түнгі клубтарға немесе өзге де көпшілік орындарға барып, сол жердегі астыртын нүктелерден сатып алады деп ойлаймыз. Алайда технологияның дамыған қазіргі заманында есірткінің саудасы интернет желілері арқылы-ақ оп-оңай жүзеге асырылады. Алматыда есірткі тарату және жарнамалаумен айналысқан 600-ге жуық интернет-сайт анықталған.