Мәсімовтың мәселесі: Сот тобымен түрме жазасына кесті

Сонымен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке және оның үш орынбасары – Әнуар Садықұловқа, Дәулет Ерғожинге, Марат Өсіповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкімін жария етті. Тағылған айыптар бойынша Кәрім Мәсімов пен Әнуар Садықұловқа мемлекетке опасыздық жасаған, билікті күшпен басып алмақ болған, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған. Дәулет Ерғожинге билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану, Марат Өсіповке билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану айыбы тағылған. Сот шешімімен үшеуі әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу