Петропавл қаласында бір топ тұрғын «Еңбекшілердің халық кеңесі» деген ұйым құрығаны, биылғы жалдың наурыз айында жиын өткізіп айды аспанға шығарғаны есте. Айды аспанға шығарғаны деуімізге үлкен себеп бар. Өйткені олар Қазақстанды мойындамау, бағынбау, тұтас мемлекетімізді корпорация деп атау, КСРО-ның құрамындағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ғана өмір сүруге құқығы бар деп білу сынды ақылға қонымсыз тосын тұжырымдамаларын ашықтан ашық жариялаған болатын. Тағы бір елең еткізерлігі, олар тәуелсіз Қазақстанның азаматтығы мен жеке куәлігінен бас тартқандығы.