Моңғолия халқы несібеден қысқандардың аяқтарын аспаннан келтірді
Моңғолдияда халық дүр көтеріліп, абырой болғанда үш-төрт күн дегенде басылды. Қақаған аязды күндері көтеріліске шыққандардың 90 пайызға жуығы жастар. Негізінен алып қарағанда, бұл елдің халқында билікке қарсы келудің өзіндік мәдениеті бар сияқты. Нақты талапты қойды, талаптың орындалатынына көздері жеткеннен кейін бәсеңсіп барып тоқтады. Халық билікті төңкеріп тастаған жоқ. Қарқындарына қарағанда, билікті жаңқа құрлы көрмей аяғын аспаннан келтіруге елдің шамасы жететінін байқатты да қойды. Авторы: Нағашыбек Алдан Оқыған: Нуриддин Бидосов