Мұнай бағасы 100 доллардан асты: Қазақстан одан не ұтады?

Мұнай бағасы қайтадан 100 долларлық межеден асты. Бағаның өсуіне әлем экономикасының қарқынды дамуы немесе мұнайға деген сұраныстың күрт артуы емес, ең алдымен Таяу Шығыстағы соғыс пен мұнай жеткізіліміне төнген қауіп себеп болып отыр. Өткен аптаның қорытындысында Brent маркалы мұнай бағасы 104 доллар 61 центке WTI 100 доллар 5 центке тұрақтады. Бір аптаның ішінде екі марканың да бағасы 8 пайыздан астам өсті. Ал бүгінгі саудада Brent бағасы 107 долларға дейін көтерілді. Яғни мәселе енді мұнайдың 100 доллардан асқанында ғана емес. Негізгі сұрақ – осы баға қанша уақыт сақталады және одан Қазақстан нақты не ұтады?

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу