Бүгінде әскерге қатысты нәрсенің бәрі өзекті. Кез-келген жылт еткен хабар елді елең еткізетін болды. Әлеуметтік желіде темір-терсек қабылдайтын тіректе үйіліп жатқан әскери касканың бейнежазбасы пайда болды. Түсіріп, сөз сөйлеген адамның сөзінше бұл – Шымкент қаласындағы темір-терсек қабылдайтын тіректердің бірі. Бейнежазбада керексіз темір бұйымдарының, құбырлар мен сымтемір бумаларының үстінде қоқыс болып үйіліп жатқан әскери каскалар көрінген.