Оқушыларға діннен дәріс беріп, Ресейді мадақтайтын кино көрсеткен

Қазіргі күрделі геосаясаттың, күрделі діни қатынастардың кезінде білім беру ошақтарының жұмысына екі есе жауапкершілікпен қарамаса қиын-ақ. Себебі қадағалаудың жоғынан өзге елдердің саясатын паш етушілер және дінді насихаттаушылар мектептерді жағалайтынын жоққа шығаруға болмайды. Осы берер күн бұрын әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім дінді насихаттап, сабақ өткізгенін көрсеткен бейнежазба тарады. Бейнежазбадан мұғалім оқушылардан діні, кітабы, мұсылмандығы, пайғамбары туралы сұрақтарды қойып жатқанын көруге болады. Қалалық білім басқармасы бейнежазба түсірілген мектеп пен дини сабақ өткізген мұғалімді тауып, шара қолданатынын айтыпты.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу