Өзбекстанда шенеуніктер саны күрт азайды, халықтың жалақысы өскен

Мемлекеттік бюджеттің есебінен құрылған ведомстволар мен атқару органдарының көптігі өз алдына, сол салалардың басқару аппараттарында қызмет істеушілердің қарасы тым қалың екені рас. Өткен жылдың жаз айларына дейінгі есепте еліміздегі мемлекеттік қызметшілер 82 мың екені көрсетілген. Соның жартысынан көбі орталық атқару органдарында, жартысынан сәл ғана азы жергілікті атқару органдарында істейді. Сенаттың аппаратында 207 адам, Мәжілістің аппаратында 338 адам жұмыс істейді. Әкім атаулылар мен олардың орынбасарлары 103 екен. Шет елдердегі елшілеріміз 65 адам. Бұл кішкене азайтылғаны. Төрт-бес жыл бұрын мемлекеттік қызметшілеріміздің ұзын-ырғасы 91 мың адам болатын. 

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу