Өзбекстанда синагогтар мен еврей зираттары күзетке алынды

Израильге қарсылық ахуалдың жер-жүзіне тарағаны Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің биліктерін алаңдатпай тұрмайды. Алмағайып нәрсе. Себебі бұл жақта да еврейлер тұрады, еврейлердің қауымдастықтары бар.
Жақында Ташкентте палестиналықтарды қолдап көшеге шыққан ондаған адам ұсталған. Олар айыппұл төледі, ішіндегі үшеуі әкімшілік қамауға алынды. Ал содан бірер күн өтер-өтпесте  Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев үкімет отырысында палестиналықтар мен олардың тәуелсіз болу құқығын қорғады. Өзбекстаннан Біріккен Ұлттар Ұйымының гуманитарлық миссиясы аясында 1,5 миллиард доллар көмек жіберілді. Өзбекстан президенті бір жағынан палестиналықтарды қолдағанымен, екінші жағынан тұрғындарға наразылық акциясына шақырғандарға ілесіп, арандатуға ермеңіздер деп сақтандырды. Осының өзі мәселенің қаншалықты күрделі екенін көрсетсе керек. Мұндай ахуал барлық көрші елдерде де, біздің елімізде де бар. Кешегі Дағыстандағыдай оқиға тұтанып кетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды. Біздің жақтағы аймақтарда да халықтың едәуір бөлігін мұсылмандар құрайды. Билікке тыныштық керек, біреулер елді көшеге шығуға үгіттеп жатқанын көргісі келмейді. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу