Әлемдегі эпид ахуал індеттің қайта өршігенін көрсетіп отыр. Бір күнде 400 мыңнан аса адамда вирус анықталған. Бұл пандемия басталғалы тіркеліп отырған ең жоғары антирекорд. Кейбір елдер карантинді күшейтіп жатса, енді бірі коммендаттық сағат жариялауда. Абырой болғанда, Қазақстанда жағдай қалыпты. Карантиндік талап-ережелер болғанымен, елде кейбір жеңілдіктер енгізіліп жатыр.