7 ай бойы жұмысы тоқтаған кинотератрлар келесі аптадан бастап ашылуы мүмкін. Оны енді ведомствааралық комиссия шешеді екен.
Бір ғана бас қаланың өзінде 30-дан астам мектепте санитарлық талап сақталмаған. Оқушылар арасында вирус анықталыпты. Сондай-ақ, санитарлық ережені 8 мәрте бұзғандар бар. Бұл елдегі жағдай!
Ал әлем елдерін вирус алқымнан қысып, індет тіпті өрши түскен. Індет құрбандарының саны 1 миллионнан асқан. Көптеген елде шектеу шарасы қайта күшейтілуде. Елдегі жағдай мен жаһан жанталасын тарқатып көрелік!