Patriot деген зениттік-ракеталық кешен Қазақстанға да керек

Ресей Украинаға жойқын соққы беруге дайындалып жатыр деген әңгіме күн сайын қылаң беріп тұр. Ресей президенті Путиннің Беларусь республикасына, ал Медведев бастаған делегацияның Қытайға баруы да тегін емес. Тарап жатқан ұзынқұлақ сөздерге қарағанда, Ресей Беларусьты әскери өнеркәсіп және плацдарм ретінде пайдалануға көндірген сыңайлы. Ал Беларусь әскерін Украинаға қарсы соғысқа салуға көндіре алмады деп жатыр. Қытайдан да қандай да бір көмек алу мақсаты болған шығар. Ақпараттар анық болмағанымен де, Қытай Ресейге Украинамен арадағы соғыста көмекші емес екені түсінікті. Ресейдің ол елден сұрайтыны – зымырандардың қосалқы бөлшектері болса керек. Авторы: Нағашыбек Алдан Оқыған: Нуриддин Бидосов

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу