Полиция ұстап әкеткен журналистер 533, оның 375-і түрмеде отыр
Өткен 2022 жыл әлем халықтарына қай жағынан алып қарағанда да жайсыз жыл болды. Жыл бастан-аяқ соғыстың жылы болып, сол ахуал әлі жалғасып жатыр. Ал мұндай кезең әсіресе журналистер үшін қауіпті екені белгілі. Дүниенің түпкір-түпкірінде сол жайсыздықтың басы-қасында жүрген журналист мамандығы иелерінің ішінде қиянат көрген, қудаланған, тіпті өлтірілген әріптестеріміз аз емес. Туралық пен әділдіктің жаршысы деп танылатын журналистер қауымы басын бәйгеге тігіп, от пен судың ортасынан табылады емес пе?
Автор: Нағашыбек Алдан
Оқыған: Нұриддин Бидосов