Проблемалық несиелерді реттейтін бірыңғай платформа іске қосылады

Банкке немесе микроқаржы ұйымына қарызы барлар үшін жағымды жаңалық. Бұрынғыдай әр қаржы ұйымына жеке жүгініп, коллекторлардың қас-қабағына қарап, сот орындаушыларының сойқанын көрмейсіз. 12 шілдеден бастап проблемалық тұтынушылық несиелерді реттейтін жаңа платформа іске қосылады. Жаңа жүйеде барлық қарыздарыңызды біріктіріп, қайта құрылымдап, 60 айға дейін кестеге қойдыра аласыз. Өтініш онлайн беріледі. Платформа автоматты түрде қарыз көлемін, сот өндірісінде бар-жоғын және қарыз алушының әлеуметтік мәртебесін анықтайды. Бастысы қарыздың көлемі 6,3 млн-нан аспауы керек.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу