Солтүстік Қазақстан облысында аса жайсыз оқиға болды. Облыс орталығы Петропавл қаласындағы № 4 мектепке оқушы балта мен пышақ алып кіріп, үш оқушыға шабуыл жасады. Екеуі басы жарылдып, иығы соққы алып жансақтау бөліміне түсті. Бір оқушыға дәрігерлік көмек көрсетілген және амбулаториялық жағдайда емделіп жүр.
Мектептің бүкіл оқушылары да, ата-аналар да, мұғалімдер де төбелерінен жай түскендей күйде. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген мектеп ұжымы ес жия алмай қалды.