Ресей әскерінің ішінде тосын жағдайлар көбейіп жатыр. Әскерилердің өз еріктерімен тұтқынға берілген сәттері де бар. Тұтқынға берілу алдында өз командирін атып кету жағдайы да болып тұрады. Осы жақында ғана Херсон маңында әскерге жаңадан алынған ресейліктер Украинаға берілуді ұйғарғанда қарсы шыққан командирлерінің бірін атып салды. Сөйтіп бір топ сарбаз Украиндықтарға өз еріктерімен беріліп, қару-жарағымен бірге тұтқынға алынды. Әскерге алынғандардың кері қарай қашуларына жол жоқ. Себебі әскери құрылымдардың тылына росгвардияның атқыштары қойылған. Соғыстан кері қашқандарды ескертусіз атып тастайтын тәртіп енгізілген.