Бөтен елдің заңдарында бес бересі, алты аласымыз жоқ. Қандай заң шығарамын десе де бөтен елдің өз ісі. Бірақ көрші мемлекеттің шығаруға дайындап жатқан заңдарының кейбірі жайлы айтпасқа болмайтын кездер туындап тұрады. Себебі шет елдің заңдарының көрші елдің азаматтарына да қатысты жағдайлары болады.