Ресейдің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығы бірқатар ірі оқиғаларға ұласып жатыр. Бір жылдықтың қарсаңында Ресей президенті жолдау оқыды. Ал тура бір жылдықтың датасы күні Қытай Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатудың жоспарын ұсынды. Ресей президентінің жолдауы соғысты тоқтату жайлы болған жоқ, керісінше, әңгімеге ядролық қаруды қолдану жайлы мән-мағына берілді. Сондықтан оның жолдауы сынға ұшырады.