Салыстырмалы түрде қарағанда Қазақстанның шет ел инвестициясын тартуы осал емес. Соңғы бес-алты жалдан бері жыл сайын шет елдерден кемі 20 миллиард доллардан аса инвестиция келіп жатты. 2019 жылы 24 миллиардқа шыққан. Биыл да сол межеге жететін сияқты. Себебі жылдың жартысына жетпей инвестиция көлемі 15 миллиард долларды жағалап қалған.