Ресейлік насихатшылардың қазақ халқы мен жері дегенде берекесі қашып, ғайбат сөзге баратыны көптен мәлім. Саясаткерлері де, ұлардай шулаған насихатшылары да ауық-ауық сөз боратып келе жатқаны қашан. Қазіргі алмағайып заманда олар бұл үрдісін үдетіп жатыр деуге келеді. Сондықтан ит үреді, керуен көшеді деп жайбарақат қарап отырудың реті тағы келмейді.