Ресейдің «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясының құрамында соғысып тұтқындалған Қазақстан азаматы сотталды деген хабар тарады. Жалпы, соғыста Қазақстаннан барғандар екі жағында да кездеседі. Украина әскерінің құрамында Ресейге қарсы өз еркімен соғысып жүрген қазақтар да бар. Ал «Вагнердің» құрамында кезігетін жалдамалы қазақтар Қазақстаннан Ресейге барғанда істі болып, сол жақта қамалған адамдар.