Ресейде 2021 жылы халық санағын жүргізілген екен. Сол жылдың соңында санақ біткен. Бірақ бұл науқанның қорытындысы араға бір жыл уақыт салып, 2022 жылдың соңына қарай әрең шығарылыпты.
Таратылып жатқан мәліметтер мен санақтың қорытындысына қарағанда, халық санағы жүрдім-бардыммен қалай болса солай жүргізілгенге ұқсайды. Ресми мәліметте санаққа халықтың 99 пайызы қатысты делінген. Ал «Левада-Центр» тәуелсіз әлеуметтік агенттігі ресейліктердің 42 пайызы санаққа мүлде қатыспағанын, Мәскеудің өзінде санаққа қатыспағандар 73 пайызға жеткенін айтыпты. Бұл үкіметтік емес ұйымның сарапшылары санаққа қамтылғандардың әлдеқайда аз болғанын, тіпті қатысқандарының арасында жөнін айтпағандардың көп болғанын алға тартқан.