Ресейге қарсы санкция: Еуроодақтың арнайы шабарманы ескертеді

Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясының 11-ші пакетіне Өзбекстанның екі компаниясы ілікті. Олар – кеңселік техника мен жабдықты көтересіне сататын «Alfa Beta Creative» және логистикалық қызмет көрсететін «GFK Logistic Asia» деген компаниялар. Еурокомиссияның сайтындағы есепте осы екі компания Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне керекті тауарларды Батыстан сатып алуға әрекет еткен делінген. Бұл компаниялар бұған дейін АҚШ Қаржы министрлігінің санкциясына да іліккен екен. Бұдан бөлек, өткен жылы АҚШ санкциялардың тізіміне ресейлік «Радиоавтоматика» компаниясымен қызметтестігі үшін  Өзбекстанның Promcomplektlogistic деген компаниясын да енгізген көрінеді. 
Еуроодақтың кезекті 11-ші санкция пакетіне барлығы 87 компания енгізілген екен. Олардың бәрі экспорттық қадағалауды айналып өтіп Ресейдің әскери-өнеркәсіптік базасын қолдау мақсатында Америка өндірген тауарларды сатып алған немесе сатып алуға тырысқан делінеді. 87 компанияның озық технологиялар мен қос мақсаттағы тауарларды экспорттауына Еуроодақ қатаң шектеулер қойды. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу