Резервтегі әскери қызмет ақыры жолға қойылатын болды

Қазір дүниежүзінің барлық дерлік елдерінде әскери әлеуетті күшейту үрдісі жүріп жатыр. Ол түсінікті де. Себебі жер-жаһанның қай жерін алып қарасаңыз да геосаяси ахуал мәз емес. Сақтықта қорлық жоқ деген даналық сөзді басшылыққа алған елдер ың-шыңсыз әрекетке көшіп, қорғаныстарын бекемдеуге көшкен.  Барлық билеушілер жау қай жағымнан келіп қалады деп елеңдеп отыр десе де болады. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалатып мамыражай отырған ел бүгінде жоқ. Адамзаттың өзі екі үлкен лагерге бөлініп тұрғандай. Ал әлемдегі бұл жағдай қашан сіз-біз дескен сыйластыққа иек артары белгісіз. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу