Күннің шектен тыс ысып кетуінің адамға алып келер жайсыздығы өте көп. Созылмалы аурулар қозады, мұрыннан қан кетеді, жедел жәрдем шақырушылар көбейеді. Ал мұндайда табиғи өрт қауіпсіздігінің артатыны да түсінікті.
Осы күндері Африкадағы алып Сахара шөлінен ауаға алапат ыстық тарап, желдің ыңғайымен Еуропаға қарай бер алды деп жатыр. Сахарадан ауған ыстық Түркияға жақындап қалыпты. Құмды шөлдің үстінде табиғи жолмен болған термиялық жарылыстың, яғни кейде әуе толқындарында өздігінен орын алатын жарылыстың салдарынан тараған аптап ыстық Түркияның оңтүстігіне жетіп жығылған көрінеді. Жерорта теңізінің жағалауындағы ауа температурасы кешегі сенбі-жексенбі күндері 45 градусқа шықты, теңіз суы 26 градусқа дейін жылынды. Стамбулдағы, Анкарадағы және Түркияның солтүстігіндегі ыстық 35 градус болып тұр. Ыстық Еуропаның өзге аймақтарына да жетеді, Исландияда ауа температурасы 35-40 градус болады делінген. Аптап ыстық Германия мен Францияға жетпесе керек. Ол елдерде шамамен 25 градус сақталады деп жатыр.