Елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтетін күн жақындап келеді. Сайлау күні 20-қарашаға белгіленген. Ал үміткерлерді ұсыну кезеңінің басталғанына екі аптаға жуықтады. Партиялар әзірге асықпай отыр. Бүгінге дейін бар-жоғы үш үміткер ұсынылды. Үміткерді ұсыну 11-қазанның кешкі мезгіліне дейін жалғасады. Оған дейін біраз үміткер ұсынылып та қалар.