Сақалды сотқар жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты

Қарағандыда 26-шы қаңтардан 27-ші қаңтарға қараған түні сағат 23:30-да жедел жәрдемнің жүргізушісін бір сақалды есерсоқ соққыға жығып кетті. Екеуінің арасындағы жанжалды және сақалдының жұдырықтары іске қосылғанын сол маңдағы әйел адам бейнежазбаға түсіріп алған екен. Бейнежазба әлеуметтік желіде тарай салысымен бүкіл қоғам, құқық қорғау органдары және Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаға дереу назар аударды. Ашу-ызасы келген әлеуметтік желі қолданушылар әлгі сақалдыны жеріне жеткізе даттап, жазаға тартылуын талап етті. Пост жариялаған, пікір жазған адамдардың ішінде Парламент Мәжілісінің депутаттары да бар. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу