Саммит: Сауд Арабиясы мұсылман елдердің басын қосты

Израиль әскерінің Газадағы ХАМАС құрылымдарын қудалап соғыс жүргізуі жалғасып жатыр. Бірақ екі ортада бейбіт тұрғындардың опат болуы көбеймесе, азайған жоқ. Қазақшалап айтқанда, екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің кері Газаның жай тұрғындарына келді. Израиль Газаны атқылауды бастағаннан бергі үш-төрт аптаның ішінде қаза болған бейбіт тұрғындардың саны бүгінгі күнге 11 мыңнан асып жығылды. Көз жұмғандардың едәуір бөлігі соғысқа да, террорлық әрекеттерге еш қатысы жоқ жас балалар мен әйелдер және шау тартқан егде жастағы адамдар. Газа қаласының осы күні сау тамтығы қалмады десе де болады. Әрине, ХАМАС-тың әскери құрылымдары мен басқару тіректері жойылып жатыр, бірақ соның қабатында жай тұрғындардың да көптеп қырылуы ешбір елге де, ешбір халыққа да ұнап жатқан жоқ. Жер-жерде адамдардың үлкен топтары мұндай әрекетке қарсылық акциясын өткізіп жатуының және көптеген елдердің көшбасшылары Израильді айыптауының мәнісі де осында. 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу