Саясатта жігерлі, жалынды жаңа адамдар пайда болады деп күтеміз


Сайлау қарсаңының әдеттегіден өзгеше екенін қоғам сезініп жатқан сияқты. Өзгеріс жасауға атсалысамын деген ниеттегі азаматтардың бірсыпырасы осы жолы белсенділік танытып, сайлауға түсіп жатыр. Оларды Парламент Мәжілісіне немесе мәслихаттарға сайлауға түседі-ау деп ел күтпеген. Арасында танымал емес адамдар да көп. Несі бар, депутаттыққа өтер жолда бағы жанып, іс тындырса танымал болу түк те емес. Бастысы ел ішінде адамдардың тарапынан саясатқа араласамын деген құлшыныстың артқаны.  

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу