Сонымен, сайлау да өтті. Халық осы сайлаудың ізімен қоғамда жақсы өзгерістер болар деп күтетіні рас. Түбегейлі үлкен өзгерістер болып кетпесе де, көптеген түйткілді мәселелер оңтайландырылып жатса бұл да бір жаңа қадам деп қарағандар аз емес. Ең бастысы бір мандатты тәуелсіз үміткерлердің сайлауға түскені болды.