Түркістан облысының Шардара ауданында кәдімгі бал арасы қырылып қалды. Оның соңы дау-дамайға ұласып жатыр. Омарташылар орасан зор шығынға батып отыр. Омарташылардың айтуынша, кенені жою үшін себілген дәрі араларды қырып кеткен. Санитарлық сала ара шаруашылығымен айналысатындарға дәрі себетіндерін ескертпеген деп жатыр.