Қазіргі күнде такси қызметінің сервисі жаман емес. Үйден шықпай-ақ электронды түрде тапсырысты бергеннен кейін бес минутта есігіңіздің алдына келіп тұрады. Бұл өте ыңғайлы. Дегенмен такси қызметін көрсетіп жүрген азаматтардың ішінде пайдакүнемдері де кездесіп жатады емес пе? Әсіресе шет елден келгендерді арзымайтын қашықтыққа жеткізіп салғаны үшін әкесінің құнындай мол қаражат алып қалатындар осы күні көбейді. Шетелдіктер баға білмейді, қала да білмейді, тіл де білмейді. Такси жүргізушісінің аузынан шыққан соманы беріп кетеді. Бермесіне қоймай ақшасын тартып алтындар да бар екен. Соңынан біліп полицияға шағымданған шет ел адамдары болса, олар мінген таксилердің жүргізушілері ұсталып та жатыр. Әдетте мұндай әрекетке ешбір компанияға тіркелмеген жабайы жеке таксишілер баратын көрінеді.