Шұрық-тесік трассалар үшін ақы арзандайды

Республика бойынша 14 бағыттағы ақылы жолда жүру құны арзандайды. Тас жолдардың сапасын тексерген  «ҚазАвтоЖол» осындай шешім қабылдапты. Себебі көлік дәліздерінің кейбір тұстары шұрық-тесік болып, сапасы сын көтермей тұр. Енді сол жолдың ойқы-шойқы бөліктері үшін уақытша ақы алынбайды. Яғни жүргізушілер бұрынғыдай бүкіл бағытқа емес, тек стандартқа сай, қауіпсіз бөліктері үшін ғана төлейді.

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу