Үшінші мегаполисте тәртіп күшейді. Көрші өңірлерден қосымша тәртіп сақшылары келіп, Шымкент көшелерін кезіп жүр. Қосымша күштің келуімен қалада қым-қуыт қарбалас басталды. Ауқымды рейд жүргізіліп, жолда жүрген көпшілік құжаттарынан бөлек жоқ-жітігін түгендеп кетті. Дәрі қобдишасы мен өрт сөндіру құралдарын сайлап үлгермегендер айып тұрағына қамалып жатыр. Ал бұл сәтте сатушылардың ғана асығы алшысын түсіп тұр. Себебі мегаполис бойынша дәрі-дәрмек қобдишасы мен өрт сөндіру құралдарына сұраныс күрт артып, құны еселеп шарықтады.