Сырттан кірген адам талабымызға қабақ астынан қарамауы керек

Ресейдің қазіргі билігінің режимін қолдайтындар да, оған қарсы ұстанымдағылар да жетіп артылды. Қарсы ұстанымдағылардың белсенділігі басым екені әр жерде жиі көрініс беріп келеді. Қазақстанда да солай. Ресейдің осы күнгі режимін қолдайтын сол елдің саясаткері немесе өнер жұлдызы болсын, Қазақстанға қарай аяқ басса шу шығып жатады. Ал Ресейдің режиміне қарсылық білдірген Ресей азаматтарының келуіне қарсылық байқала бермейді. Әрине, кімге көл болу, ал кімге шөл болу Қазақстан азаматтарының өз ықтиярындағы мәселе. Қаламаған нәрсені қабылдауға ешкім мәжбүрлей алмайды. 

 

Другие выпуски телепроекта
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу